Футболдан Испания құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

8 желтоқсан 2022 19:34
©fifa.com

Футболдан Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике Қатардағы әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін отставкаға кетті. Бұл туралы Испания футбол федерациясы хабарлады. 

52 жастағы маман Испания құрамасының тізгінін 2018 жылы ұстаған еді. 

Енді оның орнына құраманы 61 жастағы Луис де ла Фуэнта басқарады. Бұған дейін ол жастар құрамасының бас бапкері болған. 

Еске салайық, Қатардағы әлем чемпионатында Испания 8/ финалда Марокко құрамасынан ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: