Футболдан Испания кубогінің алғашқы жартылай финалситі белгілі

©pressball

"Реал Сосьедад" ширек финалда "Сельтаны" ұтып Испания кубогінің алғашқы жартылай финалисті атанды.

Виго қаласындағы "Балаидос" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Гол салғандар: Микель Оярсабаль (2-минут) және Шералдо Беккер (66). Алаң қожайындарынан Лука де ла Торре (90+2).

1/4 финалдың өзге матчтерінде "Атлетик" - "Барселона", "Атлетико" - "Севилья" және "Мальорка" - "Жирона" ойнайды. Бұл кездесулер 25-26 қаңтарда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport