Футболдан Испания, Италия және Франция чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін - БАҚ

Сурет: Football.ua
Футболдан Испания, Италия, Франция және Түркия чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін. Жергілікті спорт минстрлігі лигаларға осындай ұсыныс жасады, - деп хабарлайды түркиялық Fotospor басылымы.

Қазақстан коронавируспен сәтті күресіп, оның таралуын тоқтатуға жақын екені аталып өтті. Ұсыныста маусым және шілде айларында Қазақстандағы күн райы матчтер өткізуге қолайлы және футболшылар денсаулығы үшін Испания, Италия, Франция және Түркиядан гөрі қауіпсіздеу болатынын айылған. 

Аталған елдерде коронавирус пандемиясына байланысты чемпионаттар тоқтатылған, ал лигалар қашан ойнап бітетіні белгісіз.

Өз кезегінде Түркия футбол федерациясы (TFF) чемпионатты жандандыру жолын суреттеп берген мәлімдеме жасады. Осылайша, онда матчтерді маусым басынан шілденің басына дейін, көрермен және көрерменсіз, барлық командаларды бір қалаға жинап, ойындарды төрт аймақта ғана өткізу жолдары қарастырылған. 

Қазақстанда наурыздан он алтысынан сәуірдің он бесіне дейін коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Осы уақытқа дейін елдегі барлық спорттық шаралар тоқтатылған.