Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Уругвайлық Густаво Пойет "эллас" құрамасының футбол қауымдастығымен 2023 жылға дейін келісімшарт жасасты. Жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда 54 жастағы маман Еуро-2024 турнирінің соңына дейін жұмыс істеуі мүмкін. Поейт осыған дейін құрама тізгінін ұстаған голландиялық Джон ван'т Схиптің орнын басып отыр.
Поейет Еуропа алаңдарында "Сандерленд", АЕК, "Бетис" және "Бордо" клубтарын жаттықтырған. Соңғы рет Чилидің "Универсидад Католика" командасын баптады.
Еске салайық, Грекия ойыншылары соңғы рет Еуропа біріншілігінде 2012 жылы Польша мен Украинада өткен турнирге қатысып, 1/4 финалына дейін жетті. Ал әлем чемпионатына 2014 жылы Бразилиядағы футбол тойында 1/8 финалында сүрінді.
ФИФА рейтингінде "қарақшылар кемесі" 55-орынға жайғасқан.