"Бавария" Бундеслиганың 30-туры аясында "Штутгарт" командасын 4:2 есебімен ұтып, өз тарихында 35-рет Германия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осы ойыннан кейін мюнхендік клуб 79 ұпаймен Бундеслига турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Чемпионаттың қалған матчтарында "Бавария" "Майнц" (25 сәуір), "Хайденхайм" (2 мамыр),"Вольфсбург" (9 мамыр) және "Кёльн" (16 мамыр) командаларымен кездеседі. Қазіргі таңда мюнхендік клубтың еншісінде 25 жеңіс, 4 тең ойын және 1 жеңіліс бар.
Турнирлік кестеде 64 ұпаймен екінші орында "Боруссия Дортмунд" келеді, ал үздік үштікті 59 ұпаймен "Лейпциг" түйіндеп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарнама