Футболдан Еуропа чемпионаты Ресейде өтуі мүмкін бе? УЕФА жауап берді
Еуропа футбол ассоциациясының (УЕФА) басшысы Александер Чеферин Ресей футбол одағының 2028 және 2032 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш бергеніне қатысты пікір білдірді, жеп жазады Р-Спорт.
Еуропа футбол ассоциациясының (УЕФА) басшысы Александер Чеферин Ресей футбол одағының 2028 және 2032 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш бергеніне қатысты пікір білдірді, жеп жазады Р-Спорт.
УЕФА Ресей тарапынан 23 наурыз күні 2028 және 2032 жылғы Еуропа чемпионаттарының бірін өз алаңында өткізуге үміткер ретінде берген өтінішін алған. Аталған жылдағы турнир қожайындары 2023 жылдың қыркүйек айында белгілі болады.
"Жағдай күн сайын, тіпті сағат сайын өзгеруде. Кез-келген елге өтініш бере беруге болады. Біз бұл туралы ақылдасып та жатырмыз. Жуырда сіздер нақты жауап аласыздар", - деді Чеферин.
Еске салайық, осыған дейін УЕФА Ресей құрамасы мен клубтарын барлық турнирлерден шеттеткен еді. Сол үшінде 24 наурыз күні әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей мен Польша арасындағы ойын болмады.
Жарнама