Футболдан Дания чемпионы анықталды

Сурет: Soccernews.ru
"Мидтьюлланн" командасы мерзімінен бұрын Дания чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дания чемпионатының 32-ші турында команда "Копенгаген" футболшыларынан басым болды. Хернингте өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. 

Ойында бірінші голды 22-ші минутта қонақ команда сапынан Мохамед Дарами салды. Екінші таймға дейін есеп өзгермеді. Одан кейін алаң иелері қатарынан үш гол соқты - Сори Каба ('63, пенальти), Андерс Дрейер ('79) және Авер Мабил ('81).

Айта кетейік, "Мидтьюлланн" алтын жүлдені үшінші рет ұтып отыр.  Мұның алдында клуб 2014/15 және 2017/18 маусымында чемпионы болған.
Жаңалықтар