Футболдан әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

©ҚФФ

Мадияр Кембілов Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ. 

Кембілов бапкерлік карьерасын 2005 жылы бастады. "Ордабасы U-16", "Академия Оңтүстік", "Тұран Ж", "Яссы" сияқты клубтардды жаттықтырды. Қазіргі таңда "БИІК-Шымкент" қыздар командасының ​​бас бапкері міндетін қатар атқарады.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасын ресейлік маман Александр Семенов жаттықтырған еді.

Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша отандық команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport