Футболдан әйелдер құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Мадияр Кембілов Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ.
Мадияр Кембілов Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ.
Кембілов бапкерлік карьерасын 2005 жылы бастады. "Ордабасы U-16", "Академия Оңтүстік", "Тұран Ж", "Яссы" сияқты клубтардды жаттықтырды. Қазіргі таңда "БИІК-Шымкент" қыздар командасының бас бапкері міндетін қатар атқарады.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасын ресейлік маман Александр Семенов жаттықтырған еді.
Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша отандық команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.
Жарнама