Футболдан Англия чемпионаты тоқтатылуы мүмкін

30 желтоқсан 2020 13:32
Сурет: "Ливерпуль" ФК

Англия премьер-лигасының басшылығы коронавирусқа байланысты жағдайға алаңдап отыр. Қиындық 28 желтоқсанда басталған, ол кезде індет жұқтырғандар  саны артқанына байланысты "Эвертон" - "Манчестер Сити" ойынын шегеру керек болды,- деп хабарлайды Eurosport сайты The Telegraph басылымына сілтеме жасап. 

Мұның алдында "Фулхэм" - "Тоттенхэм" ойыны өтпеуі мүмкін екені хабарланды. "Шеффилд" болса командада ауырғандар саны артқанына қарамастан, "Бернлимен" матч өтетінін мәлімдеді. Ал "Саутгемптон" матчіне бас бапкер Ральф Хазенхюттль қатыса алмайды.

Клубтардың топ-менеджері чемпионатты екі аптаға тоқтату туралы келіссөз өткізді. 

Кейінгі тест қорытындылары АПЛ-де 18 адам коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Бұл - тамыздан бергі ең үлкен көрсеткіш.

Жаңалықтар