"Футболдан "алыпсатарлар" кетеді деп үміттенемін". 2002 жылғы Қазақстанның ең мықты ойыншысы

Сурет: KazFootball.kz
2002 жылы Қазақстанның ең мықты футболшысы атанған Евгений Ловчев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында коронавирус пандемиясынан кейін футбол жақсы жағына өзгереді деген үміті барын айтты.

- Футбол бұрынғыдай болмайды деген пікір бар. Қазір командалар еңбекақыларды қысқартып, бүкіл әлем бойынша трансферлік баға құлдырады. Болашақта осы спорт түрімен не болатыны туралы пікіріңіз?

- Футболдағы қаржылық жағдай өзгеретініне сенімдімін. Футболдан "алыпсатарлар" кетіп, білікті адамдар келеді деп үміттенемін.

Еске салайық, кіші Евгений Ловчев Жеңіс", "Қайрат", "Шахтер", "Тобыл" және Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен. 2001 және 2004 жылдары Қазақстан чемпионы атанды, ал 2001 және 2002 жылдары ел Кубогын иеленді. Сонымен қатар, 2002 жылы Қазақстанның ең мықты футболшысы атанған.
Жаңалықтар