АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында ширек финалдың үшінші жұбы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финал жолдамасы үшін Испания мен Бельгия құрамалары таласады. Екі команда да 1/8 финал кезеңінен сәтті өтті.
Бельгия АҚШ-ты таза ұтты
Бельгия құрамасы 1/8 финалда АҚШ командасын 4:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Енді бельгиялықтардың қарсыласы Португалияны 1:0 есебімен ұтқан Испания құрамасы болады.
Қандай жұптар белгілі?
Ширек финалға алғаш болып Марокко құрамасы өтті. Африкалық команда Канаданы 3:0 есебімен жеңді.
Одан кейін Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ, ширек финалға Бразилиядан 2:1 есебімен басым түскен Норвегия және турнир қожайындарының бірі Мексиканы 3:2 есебімен ұтқан Англия құрамалары жолдама алды.
Осылайша, қазіргі таңда ширек финалдың үш жұбы белгілі болды:
Марокко — Франция;
Норвегия — Англия;
Испания — Бельгия.
Ширек финалдың соңғы екі қатысушысы 1/8 финалдың ақырғы матчтарынан кейін анықталады.
Қалған жолдамалар үшін Аргентина мен Мысыр, сондай-ақ, Швейцария мен Колумбия құрамалары өзара кездеседі. Бұл матчтардың жеңімпаздары ӘЧ-2026 ширек финалының соңғы жұбын құрайды.
Жарнама