Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу мәртебесін Сауд Арабиясы иеленді. Бұл туралы FIFA Джанни Инфантино хабарлады.
Төрткүл дүние көз тігетін дүбірлі доданы өткізуге Сауд Арабиясы мен Аустралия өтініш берген. Алайда жасыл құрлықтың өкілдері соңғы сәтте ұсыныстарынан бас тартып, 2026 жылғы әйелдер арасындағы Азия чемпионаты мен 2029 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатын сәтті өткізіп алуды жөн көрген.
2026 жылғы ғаламат әлем чемпионатын Солтүстік Америка құрлығындағы Канада, Мексика мен АҚШ елдері ұйымдастырады. 2030 жылғы жарыс Африка (Марокко) мен Еуропа (Португалия, Испания) құрлықтарында, ал үш ойын Оңтүстік Америка құрлығының мерейтойына орай Аргентина, Парагвай және Уругвайда өтеді. 2034 жылғы әлем чемпионатын Сауд Арабиясы өткізеді. Үш әлем чемпионаты, 5 құрлық және 10 ел – бұл футболдың нағыз ғаламдық шарықтауы, - деп жазды Инфантино.
Айта кетейік, 2026 жылдан бастап әлем чемпионатына 48 құрама қатыса бастайды.