Ал рейтинг үштігіне "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мен ФИФА президенті Джанни Инфантино кірді. Дегенмен кім қандай орында екені айтылмады.
"Мен маңыздысы қызмет, рөл немесе титул емес деп ойлаймын. Мені мұндай дүниелер ынталандырған емес. Назарымды нәтиже мен ықпалға көбірек саламын.
Бедел мен ықпал мәселелері... Оларды сараптап, пікір білдіру үшін журналистер бар. Күштілігін көрсетіп, даңқ іздеу - атақұмарлық қана екенін бәріміз білеміз", - дейді Аль-Хелайфи.
Рейтингтің толық нұсқасы бүгін, 19 мамырда жарияланады.