Футбол тарихына кірген жартылай қорғаушы арабияда ойнайтын болды

©Kyodo News

Белгілі испаниялық жартылай қорғаушы Андрес Иньеста БАӘ-нің "Эмирейтс" футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz

39 жастағы футболшымен келісімшарт 2024 жылға дейін есептелген. Келесі жылы мамыр айында ол 40 жасқа толады. 

Кейінгі бес маусымды Иньеста жапониялық "Виссел Кобе" командасында өткізді. Ал оған дейін 22 жыл "Барселонада" ойнап, каталондықтармен 32 трофей жеңіп алды. Сонымен бірге, ол екі дүркін Еуропа чемпионы және Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған. 

Осылайша, Иньеста титулы ең көп испаниялық футболшы және әлемдік футбол тарихындағы ең мықты ойыншылардың бірі деп мойындалған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар