Чехиялық маманның айтуынша, "Астана-Аренаны" қайта қалпына келтіруге жауапты адамдар ауырып жатыр, салдарынан жұмыстар кейінге ұзартылған.
"Қазір қиын жағдайдамыз. Соңғы кезде толық құрамда бір жаттығу да өткізбедік. Төрт адам пневмониямен жатып қалды, әрине, олар жаттыға алмайды, қайта қосылғандарын күтеміз. Әлі стадион дайын емес, сондықтан әр жаттығу кестесін өзгертіп отырамыз. Мұның бәрі ауыр...
Оның үстіне кеше негізгі құрамдағы төрт ойыншының COVID-19 анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бәрінен бұрын симптомсыз тасымалдаушылар осы уақытқа дейін командамен бірге жаттыққаны қорқытады. Яғни, ауру басқа ойыншылар мен клуб әкімшілігінің арасында таралуы әбден мүмкін. Сондықтан қазір футбол ойнайтын, ойлайтын да уақыт емес, адамдардың денсаулығы маңызды", - деді Билек.