Футбол матчі кезінде ойыншы көз жұмды

27 желтоқсан 2021 09:30
©Twitter

Алжирдің "Саида" клубының футболшысы Софьян Лукар ел чемпионатының екінші дивизионының матчінде инфаркттан қайтыс болды. Бұл туралы Кәсіби футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясының (FIFPRO) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Саида" мен "Оран" ойнында 28 жастағы футболшы өз командасының қақпашысымен соқтығысып қалды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Лука алаңға оралды, бірақ он минуттан кейін инфаркт алып, құлаған.

Лукарды жедел жәрдем шұғыл алып кеткенімен, ауруханаға барар жолда жүрек талмасынан қайтыс болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport