Футбол жоқта Қазақстан құрамасының капитаны басқа спорт түрімен айналысып кетті

Сурет: "Аль-Айн" ФК
Қазіргі таңда Алматыда жүрген футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан кроссфитпен айналысып жүр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайрат" пен "Астана" клубтарының бұрынғы футболшысы Black Wolves Crossfit залындағы дайындығын Instagram желісінде жариялапты. 



Ұлттық құрама капитаны футболшы карьерасын ары қарай қайда жалғастыратыны туралы әзірге ақпарат жоқ. Еске салайық, 30 маусымда Бауыржанның арабиялық "Аль-Айн" клубымен келісімшарты аяқталады.