"Жартысын президентке төлейсің". Шетелдік футболшы "Ақтөбедегі" бопсалау туралы ашық айтты
"Бұл шағым бойынша ҚКФЛ-ге, нақты айтқанда Олжас Абраевқа тапсырма бердік. Енді осыған байланысты түсінік алып (клубтан - редакция ескермесі), материал жинау керек. Осыдан кейін құжаттар этика бойынша комитетке тапсырылады", - дейді Айтхожин.
Айта кетейік, Байрамов шынымен "Ақтөбенің" жаттығу жиынында болған, бұл туралы клубтың әлеуметтік желісінде хабарланған. Өткен жылы ойыншы грузиялық "Рустави" командасында ойнаған.