Футбол
13 қараша 2021 00:43

Фрэнк Лэмпард АПЛ клубын жаттықтырудан бас тартты

© globallookpress

"Челси" клубының экс-бапкері Фрэнк Лэмпард Премьер-Лига командасын жаттықтырудан бас тартты.

Турнир кестесінің түбінде тұрған "Норвич" басшылығы Англия құрамасының бұрынғы ойыншысына ұсыныс жасаған. Бұл туралы The Times басылымының журналисі Генри Винтер твиттер парақшасында жазды. Бір жағынан Лэмпард "сары шымшықтардың" АПЛ-дегі нәтижесіне көңілі толмайтын секілді.

Еске салайық, "Норвич" чемпионатта өткізген 11 турдан кейін 5 ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport