Француз ойыншылары "Астанадан" кетеді

©kazfootball

"Астана" жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро маусым соңында клубтан кетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бапкерлік штаб аталмыш ойыншыға сенім артпайды. Григорий Бабаянның клуб тізгінін ұстағалы 30 жастағы Манзорро негізгі құрамдағы орнын жоғалтты.

Биылғы маусымда француз легионері ҚПЛ-да 18 матчта 4 нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар, Срджан Благоевичтің кезінде алаңға жүйелі түрде шығып жүрген Килан Лебон да кетуі мүмкін. 25 жастағы француз ойыншысы Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан Кубогінде екі рет ерекшеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport