Францияның Ұлттар лигасындағы матчі сенсациямен бітті

26 қыркүйек 2022 12:13
©24heures.ch

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасында Даниядан ұтылды. Копенгагендегі "Паркен" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алаң иелерінен Каспер Дольберг пен Андреас Сков-Ольсен гол салды.

Бұл франциялықтардың осы жарыстағы үшінші рет ұтылуы. Даниядан қатарынан екі рет және Хорватиядан бір ұтылғаны бар. 

Хорватия құрамасының қатар өткен матчте Аустрия командасынан ұтылғаны (3:1) Францияны В дивизионына түсіп қалудан сақтады. Осылайша, А дивизионының 1-тобында 13 ұпаймен Хорватия көш бастап тұр, одан кейін Дания (12), Франция (5) және Аустрия (4).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport