Францияның Ұлттар лигасындағы матчі сенсациямен аяқталды

©AFP

Футболдан франция құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы матчте күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

A дивизионындағы 1 топтағы франциялықтар Сен-Денидегі "Стад-де-Франс" стадионында Данияға есе жіберді - 1:2.

Барлық гол екінші таймда салынды. Есепті бірінші болып алаң иелері ашқанымен, ойын аяқталғанша екі гол өткізіп алды. 51-минутта Карим Бензема бірінші допты салды, ал даниялық командадан 68 және 88-минутта Андреас Корнелиус дубль жасады. 

Қатар өткен матчте Хорватия өз алаңында Аустрияға есе жіберді (0:3).

6 маусымдағы екінші турға Хорватия - Франция, Аустрия - Дания матчтары белгіленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport