Франциялық клуб 12 жастағы Мессиді командаға қосты

© twitter.com/DFCO_Officiel
Франциялық "Дижон" футболшы Райан Мессимен келісімшартқа отырғаны туралы жариялады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған.

Райан Месси - 2007 жылы туған. Ол "Дижон" академиясының командасына қосылып, тоғызыншы нөмірмен ойнайтын болады. Мұның алдында ол "Версаль 78" сапында өнер көрсеткен.

14 маусымда мадридтік "Реал" жапониялық "Токио" хавбегі Такефусу Кубоны сатып алғаны белгілі болды. "Жапониялық Месси" атымен танымал футболшы бұрын каталониялық "Барселона" академиясында ойнаған.

Франция чемпионатының 2018/19 маусымының қорытындысы бойынша "Дижон" 18-ші орында. Клуб "Лансқа" қарсы шешуші матчтердегі жеңісі арқасында элиталы дивизионда қалды.