"Челси" командасының франциялық жартылай қорғаушысы Н’Голо Канте жазғы трансферлік кезеңде лондондық командадан кетуі мүмкін. Бұл туралы L’Equipe хабарлады.
Дереккөз ақпараты бойынша, клуб пен футболшы бірнеше айдан бері келісімшартты ұзарту туралы келіссөз жүргізген. Бірақ әлі бір бітімге келе алмаған. 31 жастағы жартылай қорғаушыға "Челсиде" бәрі ұнайды. Дегенмен келісімшарт мәселесінен кейін ол командадан кетуі мүмкін.
Кантенің "Челсимен" келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. Ал Transfermarkt порталы бұл футболшыны 50 миллион еуроға бағалап отыр.
Биыл Н’Голо Канте "Челси" сапында барлық турнирлерде 42 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.