Франциялық жанкүйерлер финалдық матчты қайта өткізуді талап етіп отыр
Футболдан Франция ұлттық құрамасының жанкүйерлері Катардағы әлем чемпионатының финалдық матчын қайта ойнатуды талап етіп отыр. Сол үшін арнайы петиция да ашқан.
Футболдан Франция ұлттық құрамасының жанкүйерлері Катардағы әлем чемпионатының финалдық матчын қайта ойнатуды талап етіп отыр. Сол үшін арнайы петиция да ашқан.
MesOpinions порталында жанкүйерлердің 2022 жылғы әлем чемпионатының Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы финалдық матчтың қайта ойнатылуын талап еткен петиция ашқан. Олар әділетсіз төреліктің салдарынан бұл ойынның есебін есепке алмау керек деген ойда. Қазіргі таңда бұл петицияға 200 мыңға жуық франциялық жанкүйер қол қойған. Олар осы мәселені ФИФА қарастырғанын қалап отыр.
Еске салайық, 2022 жылғы Мундиальдің финалында Франция пенальти сериясында Аргентинадан 4:2 есебімен жеңілді. Негізгі және қосымша уақыт 3:3 есебімен аяқталған.
Жарнама