Футбол
6 қыркүйек 2021 17:31
 

Франциялық футболшы 39 жыл комадан кейін қайтыс болды

  Пікірлер (1)

blog.share

Франциялық футболшы 39 жыл комадан кейін қайтыс болды ©UNIVERSAL/GETTY IMAGES

Франциялық футболшы Жан-Пьер Адамс 39 жыл комадан кейін 73 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Мirror басылымы хабарлады. 

blog.share
1

Франциялық футболшы Жан-Пьер Адамс 39 жыл комадан кейін 73 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Мirror басылымы хабарлады. 

Адамс 1982 жылы, 34 жасында Лион қаласында емханада тізесіне операциядан кейін ес-түссіз күйге түскен. Бұған себеп операция алдындағы анестезиолог қателігі. Анестезиолог сол күні бірден сегіз операцияға қатысып, дозаны шатастырып алған. Одан бөлек, Жан-Пьерге жауапты тәжірибе өтіп жүрген жас студент болған. Ол анестезологтың қателігін түзей алмаған. Футболшы бір сағаттан кейін оянуы керек еді. Студент футболшының жағдайы нашарлап бара жатқанын байқамаған. Сол күні Францияда дәрігерлердің шеруі болып, көптеген білікті мамандар жұмысқа шықпаған. Осының салдарынан спортшы комаға түскен. 

 

Жан-Пьер Адамс 1948 жылы Дакар (Сенегал) қаласында дүниеге келіп, 1972 және 1976 жылдар аралығында Франция құрамасы сапында 22 кездесу өткізген. Сонымен қатар, ол "Пари Сен-Жермен" үшін 41 кездесуге қатысқан. Негізі Адам карьерасының басым бөлігін "Ницца" клубында өткізген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!