Францияға қарсы ойында құрама сапында тоғыз ойыншы дебют жасайды

Фото: КФФ©

Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу ойындары барысында Францияға қарсы өткізетін матчында тоғыз ойыншы дебют жасауы мүмкін,- деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бас жаттықтырушы Талғат Байсуфиновтың тізіміне тоғыз "жаңа" ойыншы ілінген. Олар 22 жастағы қақпашы Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), 23 жастағы қақпашы Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), 26 жастағы қорғаушы Руслан Валиуллин ("Тобыл"), 26 жастағы қорғаушы Тимур Рудосельский ("Лори", Армения), 23 жастағы жартылай қорғаушы Рамазан Оразов ("Чайка", Ресей), 20 жастағы жартылай қорғаушы Эльхан Астанов ("Ордабасы"), 20 жастағы жартылай қорғаушы Данияр Үсенов ("Қайрат"), 18 жастағы жартылай қорғаушы Самородов ("Ақтобе"), 21 жастағы шабуылшы Рамазан Каримов ("Каспий").

Бұған дейін ұлттық құрама сапынан қорғаушы Дмитрий Шомко мен қақпашы Александр Мокин кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Франция матчы 28 наурыз күні "Астана Аренада" өтеді. Ойынды тікелей эфирде cағат 19:00 Qazsport арнасы көрсетеді.
 

Метки: