Франция тарихындағы ең мықты. Шабуылшы Катарда рекорд жасады

5 желтоқсан 2022 10:48
©Global Look Press

Франция құрамасының шабуылшысы Оливье Жиру Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Польшаға қарсы ойында рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sport24 порталына сілтеме жасап.

Жиру ойынның 44-минутында гол салды. Бұл оның ұлттық командасы үшін салған 52-голы болды. Осылайша, ол Тьерри Анри (51) рекордынан асып түсіп, Франция тарихындағы ең мықты бомбардир атанды. 

Енді ширек финалда Франция Англия құрамасымен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар