1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 08:30
 

Франция суперкубогі үшін ПСЖ-ның дамаға айналған матчі пенальтимен бітті

  Пікірлер

blog.share

Франция суперкубогі үшін ПСЖ-ның дамаға айналған матчі пенальтимен бітті ©

Кувейтте Франция Суперкубогі үшін матчте бітіспес қарсыластар "Пари Сен-Жермен" мен "Марсель" кездесті. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында париждік клубтың футболшылары басым түсті - 4:1, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Кувейтте Франция Суперкубогі үшін матчте бітіспес қарсыластар "Пари Сен-Жермен" мен "Марсель" кездесті. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында париждік клубтың футболшылары басым түсті - 4:1, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарқын басталып, драммамен бітті

Кездесудегі есепті 13-минутта ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле ашып, париждіктерді алға шығарды. Матчтың көп бөлігінде Франция астанасының командасы ойын тізгінін өз қолында ұстады. Алайда екінші таймда "Марсель" ойынға қайта орала алды.

76-минутта Мэйсон Гринвуд пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. Көп ұзамай париждіктер қуып жетуші рөлінде қалды - 87-минутта ПСЖ қорғаушысы Вильям Пачо допты өз қақпасына бағыттап алды. Осы сәтте чемпион трофейден айырылатын сияқты көрінді. Бірақ қосымша уақытта Гонсалу Рамуш команданы құтқарып, 90+5-минутта есепті теңестірді.

Пенальти сериясы - Шевальенің жұлдызды сәті

Суперкубок иегері пенальти сериясында анықталды. Мұнда ПСЖ қақпашысы Люка Шевалье шешуші рөл атқарып, қатарынан екі соққыны қайтарды. Ал париждіктер өз мүмкіндіктерін мүлтіксіз пайдаланып, пенальти сериясында 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Париждіктердің кезекті трофейі

ПСЖ Франция чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алғандықтан, Суперкубогі матчына қатысу құқығына ие болды. Ал "Марсель" өткен маусымда Лига 1-де екінші орын алғанының арқасында париждіктерге қарсылас атанды.

Бұл жеңіс "Пари Сен-Жермен" үшін Франция Суперкубогіндегі қатарынан төртінші табыс болды. Париждік клуб бұл трофей үшін соңғы рет 2021 жылы финалда "Лилльге" 0:1 есебімен жол берген еді.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында париждіктер Құрлықаралық кубоктың финалында бразилиялық "Фламенгоны" да ұтқан болатын. Ол кездесу 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында француз гранды 2:1 есебімен басым түсті.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!