Франция президенті Карим Бенземаны ӘЧ-ның финалына шақырды
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қатардағы әлем чемпионатының финалына барады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қатардағы әлем чемпионатының финалына барады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Осыған орай президент жарақат алған Карим Бензема, Нголо Канте және Поль Погбаны финалдық матчты бірге тамашалауға шақырды. Ал Бензема болса жарақатынан айығып, бейсенбі күні "Реал" сапында "Леганеске" қарсы жолдастық ойында алаңға шықты.
Сонымен қатар, Бензема әлем чемпионатына дейін Дидье Дешамның тізімінде болғандықтан, мундиальдың медалін мойнына тағады. Тіпті финалдық кездесуде алаңға шығуы да мүмкін.
Еске салайық, 2022 жылғы әлем біріншілігінің финалында Аргентина мен Франция командалары кездеседі. Матч 18 желтоқсан күні өтеді.
Жарнама