Футбол
2 шілде 2021 16:50

Франция мен Швейцария ойынын қайта өткізуге 200 мың адам қол қойған

сурет: getty images

Францияда жергілікті фанат Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалында Франция мен Швейцария кездесуін қайта ойнау керек деген ұранмен үндеу тастаған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жанкүйердің айтуынша, пенальти сериясында Ян Зоммер допты қайтару барысында соққы жасалынбай тұрып орнынан қозғалып кеткен. Бүгінгі таңда оның жақтастары көбейіп, петицияға 200 мың адам қол қойған.

Еске салсақ, кәрі құрлық турнирінде Франция мен Швейцария плей-офф кезеңінде кездесіп, негізгі уақытта есеп 3:3 нәтижесімен аяқталған. Төрешінің қосқан қосымша минутында қос тараптан гол болмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бабы мен бағы қатар келіп тұрған швейцариялықтар 5:4 есебімен басым түскен болатын.

Сонымен қатар, шешуші сәтте Мокин қақпасынан саңылау таба алмаған әлемнің ең қымбат ойыншысы Килиан Мбаппе бұл жолы да 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кеткен еді. Осындайда ұтылғанның сөзі құрысын деген спорттағы қағида еріксіз еске түседі. Болар іс болды, бояуы сіңді... Швейцария ширек финалда Испаниямен кездеседі.