Франция мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесудің тікелей трансляциясы

©ҚФФ

13 қарашадан 14 қарашаға ауған түні футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Францияға қарсы кездесу өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл ойын Париж қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45-те басталады. Тікелей эфирде бұл кездесуді Qazsport арнасы көрсетеді. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көре аласыз. 

Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері үшін алдағы кездесу D тобындағы соңғы ойын болады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы үш ұпай жинап, соңғы орынға жайғасқан. 

Франция құрамасы бұл топта көш басында тұр. Олардың еншісінде 12 ұпай бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: