Франция мен Бельгия матчінің жеңімпазы автоголмен анықталды

©УЕФА

Франция мен Бельгия құрамалары 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финал матчін өткізді. 

Дюссельдорфта өткен кездесуде бір ғана гол соғылды.

Тартысты ойынның 85-минутында ғана Рандаль Коло-Муани тепкен доп Ян Вертонгенге тиіп барып қақпаға кірді. Осылайша, автогол бельгиялық қорғаушының есебіне жазылды.

Осының арқасында франциялықтар ширек финалға өтіп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: