Франция - Марокко матчі өтті. ӘЧ финалына өткен екінші команда анықталды

15 желтоқсан 2022 09:12
©inbusiness

Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына өткен екінші команда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/2 финалда қазіргі таңда чемпион атағы бар франциялықтар Марокко құрамасымен ойнады. 5-минутта Тео Эрнандес айып алаңындағы қарбалас сәтте дәл соққы жасай алды.

Артынша турнирде екі сенсация жасаған марокколықтар жиі шабуылдай бастады. Африкалық ұжымның есепті теңестіретін мүмкіндігі де болған, алайда сәтті пайдалана алмады. 

Ал 79-минутта Рандаль Коло-Муани матчтегі екінші голды соғып, ойын нүктесін қойды. 2:0 - Франция құрамасы финалға жолдама алды.

Енді 18 желтоқсанда әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport