Франция құрамасының көшбасшысы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

©odds

"Челси" жартылай қорғаушысы Н'Голо Канте футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін, деп жазады L'Equipe.

Франция құрамасының ойыншысы жарақат алған. Соның салдарынан бірнеше апта алаңға шықпайды.

Катардағы мундиаль 20 қарашада басталады. Бас бапкер Дидье Дешам әлем біріншілігіне қатысатын құрамды 9 қарашада жариялайды деп күтілуде.

Еске салайық, Франция ойыншылары 2018 жылы Ресейдегі футбол тойында әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар