Футбол
19 тамыз 13:20

Франция құрамасының экс бапкері "Алтын допты" биыл алатын ойыншыны атады

©instagram.com/ballondorofficial

Франция құрамасының бұрынғы бас бапкері Раймон Доменек 2025 жылғы "Алтын допқа" (Ballon d'Or) басты үміткер туралы жеке ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Доменектің пікірінше, басты фаворит - Ашраф Хакими

Маманның айтуынша, Пари Сен-Жерменнің марокколық қорғаушысы Ашраф Хакими маусым бойы тұрақты ойынымен көзге түсіп, беделді жүлдеге ең лайықты үміткер саналады.

Маман 26 жастағы футболшы бұл марапатқа командаластары - франциялық шабулшы Усман Дембеле мен португалиялық жартылай қорғаушы Витиньядан артық лайықты екенін атап өтті.

"Кішкене интрига қосайық. Дембеле, әрине марапатқа лайық, бірақ ол тек қаңтардағы "Манчестер Ситиге" қарсы матчтан кейін ғана ояна бастады. Ал Хакими – бүкіл маусым бойы тұрақты болды. Ол қорғаушы бола тұра Чемпиондар лигасының ширек, жартылай финалы мен финалында маңызды голдар соқты. Мұны Дембеле істей алған жоқ", – деп келтіреді Доменектің сөзін Daily Post.

"Алтын допқа" үміткерлер арасында "Барселонаның" шабуылшылары да бар

30 футболшыдан тұратын қысқаша тізімге басқа да жұлдыздар енді. Олардың қатарында "Барселонаның" шабуыл шебіндегі басты басымдықтары – бразилиялық Рафинья Диас пен испаниялық Ламин Ямаль да бар.

Сарапшылардың көпшілігі Ямалды басты фавориттердің бірі ретінде атап өтуде. Алайда Раймон Доменектің пікірінше, бұл маусымда "Алтын доп" Хакимиге бұйыруы тиіс.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport