| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
16 маусым 13:22
 

Франция құрамасының Әлем чемпионатындағы бірінші матчін қайдан көруге болады?

  Пікірлер

blog.share

Франция құрамасының Әлем чемпионатындағы бірінші матчін қайдан көруге болады? ©x.com/equipedefrance

Бүгін, 16 маусымнан 17 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында Франция мен Сенегал құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 16 маусымнан 17 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында Франция мен Сенегал құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Франция – Сенегал матчын қайдан көруге болады?

I тобының алғашқы турындағы ойын АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ жанкүйерлер ойынды телеарнаның ресми сайты арқылы да тамашалай алады.

Матч алдындағы қызықты деректер

Франция мен Сенегал бұған дейін 2002 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездескен. Сол ойында сенегалдықтар 1:0 есебімен сенсациялық жеңіске жеткен;
Франция құрамасы соңғы 11 матчтың тек біреуінде ғана жеңілген;
Францияның соңғы бес ойынында екі команда да гол соққан;
Француздардың соңғы тоғыз кездесуі нәтижелі өткен;
Сенегал құрамасы соңғы екі матчында жеңіске жете алған жоқ (бір тең ойын, бір жеңіліс);
Сенегал соңғы 12 матчында небәрі екі рет жеңілген;
Сенегал құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең жоғары жетістігі – ширек финал;
ФИФА рейтингінде Франция үшінші орында тұрса, Сенегал 15-сатыда орналасқан.
Келесі турдағы матчтар

Екінші турда Франция құрамасы 23 маусым күні Иракпен кездеседі. Ал дәл сол күні Сенегал құрамасы Норвегияға қарсы алаңға шығады.

Еске салайық, ӘЧ-2026 турнирі АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне алғаш рет 48 құрама қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!