1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:52
 

Франция құрамасының ӘЧ қарсаңындағы матчі сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Франция құрамасының ӘЧ қарсаңындағы матчі сенсациямен бітті ©Х платформасы

Франция ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчта Кот-д'Ивуар командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчта Кот-д'Ивуар командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Францияның Нант қаласындағы "Ля Божуар - Луи Фонтено" стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен бітті. Алаң иелері сапынан Райан Шерки 45-минутта гол соқты.

Жеңімпаздар құрамынан Гела Дуэ (53-минут) мен Амад Диалло (84-минут) мергендік танытты. Айта кетейік, Гела Дуэ – Франция құрамасының футболшысы Дезире Дуэнің ағасы.

2026 жылғы әлем чемпионаты басталғанға дейін Франция құрамасы 8 маусым күні Солтүстік Ирландия командасына қарсы тағы бір жолдастық матч өткізеді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасы I тобында өнер көрсетеді. Оның қарсыластары – Сенегал, Ирак және Норвегия құрамалары.

Ал Кот-д'Ивуар құрамасы Е тобында Эквадор, Германия және Кюрасао командаларымен күш сынасады.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!