Футбол
Бүгін 11:34
 

Франция құрамасы Зиданның жетекшілігімен 40 жыл болмаған рекордты қайталады

  Пікірлер

blog.share

Франция құрамасы Зиданның жетекшілігімен 40 жыл болмаған рекордты қайталады ©instagram.com/equipedefrance/

Франция футбол құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында Бельгияны ұту арқылы жаңа жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция футбол құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында Бельгияны ұту арқылы жаңа жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зинедин Зидан шәкірттері 77-минутқа дейін есепте жеңіліп жатты. Алайда осыдан кейін ойын барысын өзгертіп, жауапсыз төрт гол соғып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Зидан тұсында жаңа рекорд орнатылды

Opta мәліметінше, "үш түсті" команда қарсыластың айып алаңында допқа 76 рет ие болған. Бұл статистика жүргізіле бастаған соңғы 20 жылдағы Франция құрамасының рекордтық көрсеткіші.

Салыстыру үшін, бельгиялықтар франциялықтардың айып алаңында допқа небәрі сегіз рет тиген.

Командалардың өзара кездесулері

Сонымен қатар бұл Францияның бірінші тайм жеңіліп жатып жеңіске жете алған алғашқы матчы болды. Бұған дейін мұндай жағдай 2021 жылғы 7 қазанда болған.

Сондай-ақ франциялықтар 1986 жылдан бері алғаш рет Бельгия қақпасына бір матчта төрт гол соқты.

Зидан шәкірттері Бельгияға қарсы қатарынан өткен сегіз ресми матчта жеңіске жетті. Ал жалпы өзара кездесулер тарихында Франция алғаш рет жеңістер саны бойынша алға шықты - 31 жеңіс (Бельгия 30).

Топтағы жағдай

Ұлттар лигасының төрт турында Франция құрамасы 10 ұпай жинап, А тобында бірінші орында келеді.

Одан кейін Италия (7 ұпай), Бельгия (6) және Түркия (0) орналасқан.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!