Футбол
Бүгін 11:57

Франция құрамасы үшінші орын үшін ойыннан "бас тартып" отыр

©Depositphotos/Dziurek

Франция құрамасының футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін өтетін матчқа көңілсіз күйде дайындалып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz L'Equipe басылымына сілтеме жасап.

Франциялықтар қола үшін ойнауға құлықсыз

Дереккөздің мәліметінше, Франция құрамасы турнирге жүлде емес, әлем чемпионы атану мақсатымен келген. Сондықтан футболшылар үшінші орын үшін матчқа шығуға аса ынталы емес.

Басылымның жазуынша, командадағы көңіл күйді шабуылшы Килиан Мбаппенің сөзі дәл сипаттайды. Ол командаластарына:

"Басымызды көтеріп, ақыры демалысқа шығайық", – деген.

Ал ойыншылардың бірінің айналасындағы дереккөз қола үшін матчқа деген көзқарасты ашық жеткізген.

"Әрине, жоқ. Олар мұндай матч туралы ойлаудың өзіне қарсы. Біз бұл турнирге басқа мақсатпен келдік", – деп жазады басылым.

Дешам үшін соңғы матч

Басылым мәліметінше, Франция құрамасының көшбасшылары "жұбаныш финалы" саналатын кездесуге ерекше құлшыныс танытып отырған жоқ.

Сондықтан бас бапкер Дидье Дешам Англияға қарсы матчта құрамға ауқымды өзгерістер енгізуі мүмкін.

57 жастағы маман үшін бұл Франция құрамасындағы соңғы ойын болмақ.

Мбаппені ынталандыратын рекорд

Сонымен бірге, Дешам Килиан Мбаппенің жоғары мотивациясына сенім арта алады.

Қазіргі таңда франциялық шабуылшы әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атану жолында келеді. Оның еншісінде 20 гол бар, бұл көрсеткіш Лионель Мессиден бір допқа ғана кем.

Егер Аргентина капитаны үшін 2026 жылғы әлем чемпионаты соңғы мундиаль болса, Мбаппе турнирді тарихтағы ең үздік бомбардир мәртебесіне жақындай түсіп аяқтауы мүмкін.

Франция – Англия матчы қашан өтеді?

Франция мен Англия арасындағы үшінші орын үшін матч 18 шілдеден 19 шілдеге қараған түні өтеді.

Кездесу Астана уақытымен 02:00-де басталады.

Еске салайық, әлем чемпионатының жартылай финалында Франция Испаниядан 0:2 есебімен жеңілсе, Англия Аргентинадан 1:2 есебімен ұтылды.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport