1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:22
 

Франция құрамасы аз құраммен-ақ Бразилияны ұтып кетті

  Пікірлер

blog.share

Франция құрамасы аз құраммен-ақ Бразилияны ұтып кетті ©x.com/equipedefrance

Франция ұлттық құрамасы АҚШ-тың Фоксборо қаласында өткен жолдастық кездесуде Бразилияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция ұлттық құрамасы АҚШ-тың Фоксборо қаласында өткен жолдастық кездесуде Бразилияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тартысты өткен матчта есепті 32-минутта Килиан Мбаппе ашты. Алайда 55-минутта Дайо Упамекано тікелей қызыл қағаз алып, француздар аз құрамда қалды.

Соған қарамастан, 65-минутта Уго Экитике есеп айырмасын ұлғайтты. Бразилия құрамасы сапынан 79-минутта Бремер бір гол соққанымен, таразы басын теңестіре алмады. 10 ойыншымен матчты аяқтаған француздар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Екі құрама да 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысады. Еуропалық іріктеуде Франция D тобында 16 ұпаймен бірінші орын алса, Бразилия Оңтүстік Америка іріктеу кезеңін 28 ұпаймен бесінші орында аяқтады.

Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина ұлттық құрамасы. Олар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты финалында Франциямен 3:3 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!