Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам шұғыл түрде команда орналасқан базадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған бапкердің анасының кенеттен қайтыс болуы себеп болған.
Франция футбол федерациясының мәліметінше, жерлеу рәсіміне байланысты Дешам 26 маусымда өтетін әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турында Норвегияға қарсы кездесуге қатыса алмайды.
Оның орнын бапкерлер штабындағы көмекшісі Ги Стефан басады.
Айта кетейік, Франция құрамасы қазіргі уақытта АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетуде. Команда өз міндетінің бірін орындап, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алып қойды.
Норвегияға қарсы матчта тек I тобындағы бірінші орын иесі анықталады. Екі құрама да келесі кезеңге шығуын алдын ала қамтамасыз еткен.
Жарнама