Франция жастар құрамасының футболшысы қазақстандық командаға ауысуы мүмкін
Ресейлік "Ахмат" командасының жартылай қорғаушысы Амир Адуев қарағандылық "Шахтер" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
Ресейлік "Ахмат" командасының жартылай қорғаушысы Амир Адуев қарағандылық "Шахтер" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
22 жастағы футболшы Горзный қаласында дүниеге келген. Бірақ жас кезінде отбасымен Францияға көшіп кеткен. Футбол ойнауды Адуев сол жақта "Марсель" командасына үйреніп, жастар арасындағы команданың капитаны болған. Сондай-ақ, ол Франция жастар мен жасөспірімдер құрамасына шақырту алған.
2020 жылдың күзінде Адуев ресейлік "Ахматпен" үш жылдық келісімшарт жасады. Дегенмен командадағы бәсекелестіктің жоғары болуына байланысты Ресей кубогінде екі ойынға ғана қатысып, "Қайрат-Мәскеу" командасының қақпасына гол соқты.
Қысқы үзіліс кезінде Грозный қаласының командасы жартылай қорғаушыны жалға беруге ниетті. Ол өткен аптада "Шахтер" сапына қосылған. Қазір бақылаудан өтуде. Егер Адуев команда бапкерлерінің көңілінен шықса, алдағы маусымды қарағандылық команда сапында өткізуі мүмкін.
Жарнама