Футбол
8 ақпан 2021 12:20

Франция жастар құрамасының экс ойыншысы қазақстандық клубқа келді

Сурет: Sportarena.by

Тегі камерундық футболшы Эрвен Мукам "Ақтөбе" командасына қосылды,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Енді жартылай қорғаушымен қазақстандық еңбек келісімшартын жасайды деп болжанып отыр. 

26 жастағы легионер карьерасын "Мецаның" жастар құрамында бастаған. Сонымен қоса, Францияда "Амневиль", грекияда "Астерас", "Олимпиакос" (Волос), белоруссиялық "Неман" мен БАТЭ клубтарында ойнады. Бір кездері Францияның жастар құрамасы үшін де өнер көрсеткен.

Мұның алдында ақтөбелік клуб бірінші легионерін сапына қосқан болатын. Сонымен қоса, команда құрамына жартылай қорғаушылар Юрий Перцух, Еркебұлан Нұрғалиев и Дидар Жалмұқан да қосылды.

2020 жылғы ҚПЛ қорытындысы бойынша клуб премьер-лигаға оралды.