Футбол
Бүгін 12:08

Франция - Испания: ӘЧ-2026 матчін қайдан тамашалауға болады

©Depositphotos/m.iacobucci.tiscali.it

15 шілдеге қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жартылай финал матчы өтеді. Онда Франция мен Испания құрамалары турнирдің финалына жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчты қайдан және қашан көруге болады?

Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан "ЭйТи-энд-Ти Стэдиум" аренасында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақытымен 00:00.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Болжамды құрамдар

Франция:

Меньян — Кунде, Салиба, Упамекано, Динь — Рабьо, Коне — Дембеле, Олисе, Дуэ — Мбаппе.

Испания:

Симон — Порро, Кубарси, Ляпорт, Кукурелья — Родри, Педри — Ямаль, Ольмо, Баэна — Оярсабаль.

Командалар жартылай финалға қалай жетті?

Франция құрамасы плей-офф кезеңінде сенімді ойын көрсетті. Алдымен 1/16 финалда Швецияны 3:0 есебімен ойсыратты. Кейін 1/8 финалда Парагвайдан 1:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.

Испания құрамасы да плей-оффта сүрінген жоқ. "Қызыл фурия" алдымен Аустрияны 3:0 есебімен ұтып, кейін Португалияны 1:0 есебімен жарыс жолынан шығарды. Ал ширек финалда Бельгиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Финалда кіммен ойнайды?

Франция – Испания кездесуінің жеңімпазы әлем чемпионаты-2026-ның алғашқы финалисі атанады.

Ал екінші финал жолдамасын Англия мен Аргентина құрамалары сарапқа салады. Олар келесі жартылай финалда кездеседі.

Еске салайық, әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусымнан бері өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілде күні болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport