Бүгін, 21 маусымда Франция құрамасы Еуро-2024 турнирінде екінші матчін өткізеді, деп жазады Vesti.kz. Қарсылас Нидерланды құрамасы.
Бұл матчте франциялықтар Килиан Мбаппесіз ойнайды, шабуылшы Аустриямен кездесуде мұрнын сындырып алған еді.
L’Equipe мәліметінше, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Голландияға қарсы ойында құрама команда сапын өзгертпек. Алаң ортасына Орельен Тчуамени мен Н'Голо Канте шығады, ал бірінші матчте ортада болған Адриен Рабьо Мббенің орнына сол қапталда болады.