Франция чемпионатының тамыздағы ең мықты ойыншысы анықталды. Месси үштікте де жоқ
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының тамыз айындағы ең мықты ойыншысы атанды, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының тамыз айындағы ең мықты ойыншысы атанды, деп хабарлайды "Чемпионат".
22 жастағы футболшы 43 пайыз дауыс жинаған. Өткен айда Мбаппе чемпионатта төрт матчте ойнап, үш гол салды және екі нәтижелі пас берді.
Дауыс беруде "Марсельдің" жартылай қорғаушысы Димитри Пайет 36 пайыз дауыс жинап, екінші болды. Үштікте "Клермон" форварды Мохамед Байо - 22 пайыз.
Еске салайық, Мбаппе мен ПСЖ арасындағы келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Жазда футболшы "Реал" сапына өтуі мүмкін еді, бірақ, париждіктер мадридтік клуб ұсынысын қабылдамады. Ал тамыз айынан бері Мбаппеге клубта аргентиналық Лионель Месси бәсекелес бола бастады.
Жарнама