Франция чемпионатында футболшы ойын кезінде қарсыласының бетінен тістеген

Усейн Тиун. Сурет: 24matins.fr
Францияның екінші лигасындағы "Валансьен" мен "Сошо" (0:0) арасындағы матч арты дауға айналды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Мәлімет бойынша, ойын аяқталған соң "Валансьен" голкипері Жером Приора "Сошо" командасының жартылай қорғаушысы Усейн Тиунды бетінен тістеп алды деп айыптады. Қақпашы бетін көрсетіп, арбитрге белгі берді. 



Жеті тур қорытындысы бойынша "Сошо" 13 ұпаймен турнир кестесінде үшінші, ал "Валансьен" сегізінші (10 балл).
Жаңалықтар