Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Аргентина командасы мен Линель Месси туралы ойын айтты.
2018 жылы Ресейде өткен ӘЧ-де франциялықтар Аргентинаны 1/8 финалда ұтқан болатын. Осы жолы екі команда финалда ойнайды.
"Бұл оңай болған жоқ, бірақ ойын сапасы, тәжірибе мен ойлау арқасында біз финалға жеттік.
Месси турнир басынан тамаша ойнады. Төрт жылдан кейін ол бізге қарсы орталық шабуылшы позициясында болады. Қазір ол өзге шабуылшымен көбірек ойнайды, дегенмен әлі де бостандығы жетерлік. Жақсы ойыншы, дриблингте де керемет. Біз оның әсерін барынша шектеуге тырысамыз, олар да біздің кей футболшымызды солай етуге тырысады", - деп береді маманның сөзін L’Équipe.